УЕФА «Қайратты» «ренжіткен» албаниялық клубты қатаң жазаламақ
УЕФА Еуропа лигасында алматылық «Қайратты»<span> «ренжіткен» </span>албаниялық «Скендербеу» клубын қатаң жазалауға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.
«Скендербеу» алдын-ала келісілген ойындарға қатысқаны үшін еурокубоктық ойындардан <span>10 жылға </span>шеттетіліп, миллион еуро көлемінде айыппұл төлемек.
Айта кетейік, Корчи қаласының командасы 2015/16 жылдардағы маусымда келісілген ойындарға қатысып Албания чемпионы атанған. Ал кейін <span>«Скендербеудың» чемпиондық атағы жоққа шығарылды (тартып алынды). </span>
Eurosport УЕФА-ның ресми құжатына сілтеме берді. Алайда, ұйым бұл құжатқа қатысты мәлімдеме жасамады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или