«Ертіс» де елге танымал футболшы сатып алмақ
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Карлос Эдуардо Маркесті қатарларына қосады, деп хабарлайды отандық басылымдар.

30 жастағы футболшы мансабын бразилиялық «Гремио» клубында бастаған. 2007 жылы Еуропа асып, Германияның «Хоффенхайм» командасының жейдесін киді. 2010 жылы ресейлік «Рубин» командасына ауысып келіп, сонда алты жыл бойы доп тепті.

Еуропада өткізген тоғыз жылдан кейін өз еліне қайтып, «Фламенго», «Атлетико Минейро» және «Виторию» командаларының намысын қорғады.

Бразилия ұлттық құрамасында 6 кездесуде алаңға шыққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или