«Ақтөбенің» қарсыласы жайлы не білеміз?

«Ақтөбенің» қарсыласы жайлы не білеміз?

«Шукура» - Грузияның Кобулети қаласының командасы. «Шукура» грузин тілінен аударғанда шамшырақ (кеме шамшырағы) деген мағынаны білдіреді. Клуб 1968 жылы құрылған. Лақап аты викингтер. 

«Шукура» қазіргі уақытта Грузия чемпионатының бірінші лигасында ойнайды. Өткен біріншілікте жарысты 10-шы орында аяқтады. 

Кобулети қаласының командасы Грузияда ортанқол командалардың бірі. Кезінде КСРО құрамасы мен «Динамо» Тбилиси сапында жасындай жарқылдаған Реваз Челебадзе клубтың басшысы болып табылады. Команданың бас бапкері Гела Саная. 

Команда өз алаңындағы ойындарын Челе-Арена стадионында өткізеді. Арена сыйымдылығы – 6000 көрермен. 

«Ақтөбе» - «Шукура» ойыны бүгін Белектегі (Түркия) «Titanic Deluxe» қонақүйінің алаңында өтеді, Ақтөбе уақытымен 19:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или