УЕФА кубогы. «Тұлпар» алғашқы кездесуде тең ойнады

Қарағандылық «Тұлпар» УЕФА кубогы аясындағы алғашқы кездесуде харьковтік «Локомотивпен» тең түсті.

Харьков қаласындағы «Локомотив» спорт кешенде өткен матч 2:2 есеппен аяқталды. Алаң иелері есепті бірінші болып ашты, голды соққан Николай Белоцерковец. Артынша «Тұлпардың» бразилиялық легионері Алвес Дуглас Грасиано қарымта голды соғып есепті теңестірді.

Екінші таймда Дмитрий Камеко «Локомотивты» алдағы шығарды. Алайда қонақтар тез арада Шыңғыс Есенамановтың көмегімен есепті теңестірді. Қорытынды есеп 2:2.

Бұл топтағы бірінші кездесуде итальяндық «Марка» француздық «Спортинг» командасын 4:0 есебімен жеңді.

«Тұлпар» келесі кездесуін 3-шы қазан күні «Маркаға» қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или