Қазақстан мен Болгария Венгрияда жолдастық ойын өткізеді
Қазақстан мен Болгария құрамалары 26 наурыз күні Венгрия елінде жолдастық ойын өткізеді, деп жазады Болгария футбол қауымдастығының ресми сайты.
Қос құрама арасындағы матч 26 наурыз күні Венгрияның Фельчуте қаласындағы «Панчо Арена» стадионында өтпек.
Айта кетейік, қос құрама осыған дейін бір мәрте жолдастық матч өткізген. 2013 жылдың 4 маусымында Алматы қаласында өткен ойында Болгария құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или