ЕУРО-2018: «Хабар» Ресей – Қазақстан матчын көрсетеді

ЕУРО-2018: «Хабар» Ресей – Қазақстан матчын көрсетеді

«Хабар» телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының қола медалі үшін өтетін Ресей – Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 10 ақпанда Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ширек финалда Сербияны 3:1 жеңген болатын. Алайда жартылай финалда Испания құрамасына (5:5, 1:3) пенальти сериясында жол берді.

Айта кетейік, Ресей мен Қазақстан осы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде кездескен болатын. Сол ойында 1:1 есебі тіркелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или