Кабананга жаңа командасының сапындағы алғашқы матчында гол соқты
«Астана» клубының бұрынғы шабуылшысы Джуниор Кабананга жаңа командасының сапында өткізген алғашқы ойынында гол соқты, деп жазады prosports.kz сайты.
Кабананга Сауд Арабиясы чемпионаты аясында өткен «Әл-Хилалға» қарсы матчтың сегізінші минутында көзге түсті. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, Конго ДР құрамасының шабуылшысы осы қысқы трансферлік маусымда «Әл-Наср» командасына 2 миллион долларға ауысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или