Александр Мокин: Күн сайын өзімді жақсы сезініп келе жатырмын

Александр Мокин: Күн сайын өзімді жақсы сезініп келе жатырмын

«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірлігіндегі екінші оқу-жаттығу жиынындағы соңғы кездесуін Қытайдың төрт дүркін чемпиондары «Шаньдун» командасына қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ойын соңында жақында ғана жарақатынан айығып, қатарға қосылған елордалық команданың қақпашысы Александр Мокин клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы өз пікірімен бөлісті: 

- Бүгін Біріккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы кездесуімізді өткіздік. Жалпы ойын өте жақсы өтті. Ресми ойындар алдында өзімізге қажетті ойын үлгісін тәжірибеден өткізіп, бар күшімізді көрсете алдық. 

- Жарақатыңызға байланысты оқу-жаттығу жиынының біраз бөлігіне қатыса алмаған едіңіз. Қазіргі жағдайыңыз қалай? 

- Күн сайын өзімді жақсы сезініп келе жатырмын.Біршама үзілістен кейін, бүгін алаңға қайта оралдым. Қазірше өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ресми ойындарға дейін толық спорттық бабыма келемін деген сенімдемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или