Футзал

Португалия құрамасы алғашқы болып финалға шықты. Видео

Португалия құрамасы алғашқы болып финалға шықты. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Словенияда өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды.

Ресей мен Португалия арасында өткен жартылай финалдық кездесуде есепте бірінші болып Ресей құрамасы шыққан. Эдер Лима соққан гол кешдесудің алғашқы таймында соғылған жалғыз гол еді.

Ал екінші таймда Португалия құрамасы есепті теңестіріп қана қоймай екі доп басымдығымен ала шықты. Ойын аяқталуға елу секунд қалғанда Ресей құрамасы бір доп айырмасын қысқарта алғанымен, одан арыға шамасы жетпеді.

Енді Португалия құрамасы Испания – Қазақстан жұбының жеңімпазымен финалда ойнайтын болады.

Ол кездесу Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Еуропа чемпионаты

1/2 финал

Ресей - Португалия - 2:3 (1:0)

Ресей: Замтарадзе – Робиньо, Эдер Лима, Чишкала, Давыдов – Лысков, Абрамов, Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Ромуло, Эскердинья, Милованов

Португалия: Андре Соуза – Педро Кари, Бруно Коэльо, Жоао Матош, Рикардиньо – Андре Коэльо, Тунья, Нилсон, Фабиу Сесилиу, Марсио, Пани Варела, Тиаго Бриту

Төрешілер: Габор Ковач, Балаж Фаркаш (екеуі де Венгрия)

Голдар: Эдер Лима, 4, 40 - Андре Коэльо, 31, 36, Бруно Коэльо, 40

Дереккөз: prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер