Испанияның көшбасшы ойыншысы Қазақстанға қарсы жартылай финалдық ойынға қатыспайды

Испанияның көшбасшы ойыншысы Қазақстанға қарсы жартылай финалдық ойынға қатыспайды

Футзалдан Испания құқрамасының көшбасшы ойыншысы Серхио Лосано Қазақстанға қарсы жартылай финалдық ойынға қатыспайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Шабуылшы ширек финалда Украина ойыншысымен қақтығысып, бел жарақатын алған. Испания құрамасының бас бапкерінің айтуынша, ойыншының жарақаты ауыр емес. Алайда, Қазақтанға қарсы ойынға шығуы екіталай.

Айта кетейік, Серхио Ласано Испанияның басты шабуылшысы. «Барселона» клубында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или