Испаниялықтар Игитадан қорқып отыр

Испаниялықтар Игитадан қорқып отыр

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына өтсе Қазақстан құрамасымен кездеседі. Испаниялық «Marca» газеті осы кездесу жайлы мақала жазды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Ақпарат құралдарының хабарына сенсек, испаниялық мамандар біздің құраманың қақпашысы Игитадан қатты қауіптенетін көрінеді.

- Қазақстан тағы да жартылай финалға жетті. Олар бұл жолы да Испаниямен кездесетін болады. 2016 жылы Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңілген болатын(3: 5). Бірақ, ол кезде  қақпашысы Игита командасына көмектесе алған жоқ. Ал бұл жолы ол біздің командаға барынша қиындық тудыратын болады. Сонымен қатар Дуглас пен Тайнан да өте маңызды ойыншылар, - деп жазады испаниялық басылым.

Дегенмен, Қазақстанмен қайтадан кездесу үшін испаниялықтар алдымен ширек финалда Украина құрамасын жеңуі керек. Ол кездесуде дәл қазір 1:0 есебімен біз сөз етіп отырған Испания футзалшылары алда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или