Марко Перич: Біз барымызды салдық, алайда Игита қақпасын нағыз «қаһармандай» қорғады

Марко Перич: Біз барымызды салдық, алайда Игита қақпасын нағыз «қаһармандай» қорғады

Футзалдан Сербия құрамасының ойыншысы Марко Перич Еуропа чемпионаты аясында өткен Қазақстан құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты. 

«Ойын нәтижесі көңілімнен шықпады, әрине. Бұл біздің ең керемет ойынымыз болатын, алайда Игита өз қақпасын нағыз «қаһармандай» қорғай білді. Қақпашы алаңда бесінші ойыншы ретінде қолданатын командаға қарсы ойнау - әркез қиын. Жеңіске жету үшін барымызды салдық, бірнеше мүмкіндігіміз болды. Алайда, өкінішке қарай, жолымыз болмады», - деді Перич Сербия футбол қауымдастығының баспасөз қызметіне. 

Айта кетейік, ширек финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен Сербияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или