Какау: Бізге жанкүйер болған қазақстандықтарды құттықтаймын!

Какау: Бізге жанкүйер болған қазақстандықтарды құттықтаймын!

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Сербияға қарсы өткен ЕУРО-2018 турнирінің ширек финалдық кездесуі жайлы ойымен бөлісті, деп хвбварлайды Prosports.kz.

- Біріншіден қарсыласымыз Сербия құрамасын керемет өткен ойынмен құттықтаймын. Біз үшін өте қиын ойын болды. Екіншіден Қазақстан мен менің шәкірттерімді бұл жеңіспен құттықтаймын . Бүгін олар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Тайнан, Игита және Дугластар алаңда көп уақыт өткізіп, демалмады десе де болады. Алайда, біздің капитанымыз Дінмұхамбет Сүлейменовты аса атап өткім келіп отыр. Ол 36 жасында кіршіксіз ойын көрсетті. Құраманың жас ойыншылары бірінші рет Еуропа чемпионатында ойнағанына қарамастан жақсы ойнады. Біз Қазақстан құрамасында бразилиялықтар ғана емес жергілікті түлектер де доп тебе алатынын дәлелдедік. Түн ұйқысын төрт бөліп, бізге жанкүйер болып отырған қазақстандықтарды құттықтаймын! Әр ойыншы, команданың әр өкілі сіздерге алғыс білдіреді! Бұл турнирде Қазақстанның намысын қорғау біз үшін абырой. Екі рет қатарынан құрлықтың үздік төрт командалар қатарына еніп, тарихты қайта жазып отырмыз! Барлығына үлкен рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или