Александр Кузнецовқа қытайлық клуб ұсыныс жасады

Александр Кузнецовқа қытайлық клуб ұсыныс жасады

Александр Кузнецовтың еліміздегі ең білікті бапкерлердің бірі екені сөзсіз. Дәл осы барша қазақ жанкүйерлері үлкен үміт артып отырған бапкерге қытайлық клуб көз тігіп отыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Анықырақ айтқанда, Қытай Суперлигасында бақ сынайтын «Далянь Ифан» командасы қазақстандық маманға ұсыныс жасаған көрінеді. Мәселенің анығын білу үшін Кузнецов бапкердің өзіне хабарласқан едік:

- Мен елміздің жастар құрамасын баптап жүрмін. Біздің алға қойған нақты мақсаттарымыз бар. Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде элиталық кезеңге шығуды жоспарлап отырмыз. Сол үшін ол ұсыныстан өзім бас тарттым, - деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің жастар құрамасы (U-19) биыл күзде 2019 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Қарсыластарымыз Сербия, Польша, Солтүстік Ирландия жастары. Кезедсулер 14-20 қараша аралығында Солтүстік Ирандия елінде өтеді.

32 жастағы жас маманның бастауымен Қазақстанның U-19 жастар құрамасы жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Кузнецов шәкірттері 2017 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен дәстүрлі Гранаткин мемориалында екінші орын алды. Финалда жарыс қожайыны Ресейге ғана жол берді.

Бұдан бөлек, жастарымыз 19 жасқа дейінгі футболшылар арасында өтетін 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде өз тобында үшінші орын алды. Бұрындары осындай іріктеу турнирлерінде жеңілістен көз ашпайтын құрамамыз Түркия жерінде өткен үш кездесуде бір жеңіс, бір тең ойын тіркеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или