Драган Томич: Қазақстаннан өткен жеңіліс үшін есе қайтарамыз

Драган Томич: Қазақстаннан өткен жеңіліс үшін есе қайтарамыз

Сербия құрамасының шабуылшысы Драган Томич футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Қазақстанға қарсы ойын жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ширек финалға жолдама алғанымызға қуаныштымыз. Словенияны тамаша жеңісімен құттықтаймын. Италиядан озып шыққанымызға қуаныштымыз. Біз Қазақстанға қарсы жақсы дайындаламыз және алдыңғы ЕУРО-дағы «қола» үшін матчта жеңілген едік, соның есесін қайтарамыз», - деді Томич.

2016 жылы өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан мен Сербия қола медаль үшін таласып, Какау шәкірттері 5:2 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или