Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы бес кездесудің төртеуін жеңді

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы бес кездесудің төртеуін жеңді

Астанада өткен Дэвис Кубогының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Швейцариядан басым түсті. Отандастарымыз жалпы бес кездесудің төртеуін өз пайдаларына шешті. 

Жарыстың алғашқы күні бірінші болып бақ сынаған <span>Дмитрий Попко Генри Лааксоненды жеңісе, екінші болып кортқа шыққан Михаил Кукушкин Швейцария елінің теннисшісі Адриан Бодмерден басым түскен болатын. Осылайша, қазақстандықтар жарыстың бірінші күнінде 2:0 есебімен алға шықты.</span>

<span>Ал екінші күнгі бәсекеде жұптасып өнер көрсеткен Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин швейцариялық Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргароли жұбын қапы қалдырды. Сөйтіп Қазақстан құрамасы жарыс аяқталуына бір күн қалғанда ширек финалға жолдама алып үлгерген еді.</span>

<span>Бүгін өткен алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші Роман Хасанов швейцариялық Марк-Андреа Хуслерге есе жіберіп алған еді. Бірақ, одан кейін кортқа шыққан Дмитрий Попко қарсыласы Адриан Бодмерді 7:6, 1:6, 10:6 есебімен жеңді.</span>

<span>Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы 4:1 есебімен Швейцария теннисшілерін жеңіп, Дэвис Кубогының келесі кезеңіне жолдама алды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или