Теннис

Дэвис Кубогы. Қазақстан келесі кезеңге шығуға жақын

Дэвис Кубогы. Қазақстан келесі кезеңге шығуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

Астанада басталған Дэвис Кубогының 1/8 финалындағы Қазақстан - Швейцария теке-тіресінің алғашқы күнінен соң біздің құрама 2:0 есебімен алға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдымен кортқа шыққан Дмитрий Попко Генри Лааксоненды жеңіп ел қоржынына алғашқы ұпайды салды. Бұл кездесу үш сағатқа созылып 6:2, 7:6 (9:7), 3:6, 7:5 есебімен аяқталды.

Екінші болып шыққан Михаил Кукушкин де қарсыластың осал тұсын таба білді. 22 жасар Швейцария елінің теннисшісі Адриан Бодмер жерлесімізге айтарлықтай қарсылық таныта алмай 3:6, 6:3, 6:2, 6:3 есебімен жеңілді.

Ертең жарыс жолына жұптасып өнер көрсетудің шеберлері шығады. Бұл сында ел намысын Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин қорғайды. Олардың қарсыласы Андреа Хуслера мен Лука Маргароли болмақ.

Егер ертең қазақстандық теннисшілер жеңіске жетіп жатса онда Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының келесі кезеңіне күні бұрын жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер