Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстан ширек финалға жолдама алды

Дэвис кубогы: Қазақстан ширек финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top
Сарыарқа төрінде өтіп жатқан Дэвис Кубогының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Швейцариядан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші күні жұптық сында өнер көрсеткен отандастарымыз Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин швейцариялық Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргароли жұбымен кездесті.
Бұл матч төрт сағатқа созылып 6:4, 6:4, 3:6, 6:7, 6:3 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы Дэвис Кубогының келесі кезеңіне жолдаманы ұтып алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылы 1/8 финалда Италия құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіп ширек финалға шыққан. БІрақ келесі кезеңде біздің жігіттер 3:2 есебімен аустралиялық теннисшілерге жол берді.
Мәди Мұхамедқали, Астанадан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер