«Астана» - «Хеккен» кездесуі тікелей эфирде екі тілде жүргізіледі
«Астана» футбол клубы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында өтетін «Астана» және «Хеккен» арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Біз трансляциға жаңа нәрселер қосуға тырысамыз – дейді, «Астана» ФК медиа-офицері Дмитрий Нестеренко, - кем дегенде Қазақстандағы клубтық арна тарихында алғаш болып екі тілде жүргізетін боламыз. Одан бөлек, футбол картинасының жанкүйерлерге тартымды болуы үшін, бірнеше камерадан қайталау арқылы көрсетуге тырысамыз. Техникалық және адами ресурстарға байланысты, бұл оңай шаруа емес. Бірақ біз көрермендерімізге «Астана» футбол клубының деңгейіне сәйкес екендігімізді көрсеткіміз келеді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Естеріңізге сала кетейік, ойын 4 ақпан күні БАӘ-де Астана уақытымен 18:00-де басталады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или