Гетерборгтық команда «Хеккен». Келесі қарсыласты таныстырамыз
«Астана» БАӘ-дегі екінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы кездесулетін өткізеді.
Станимир Стойлов шәкірттері Щвецияның Гетерборг қаласының командасы «Хеккенге» қарсы ойнайды. Жанкүйерлер бұл команданы клубтың түсіне сай «сары-қаралар» деп атайды.
Клубтың жетістіктеріне тоқталатын болсақ, команда Щвеция чемпионатының күміс жүлдесін жеңген және 2016 жылы ел Кубогында топ жарған. Ал өткен жылы ішкі біріншілікте төртінші орынға табан тіреп, үшінші орын алған командадан бір ғана ұпайға қалып қойған.
Бұл команданы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Андреас Альм баптайды. Естеріңізде болса, Андреас 2014/2015 жылы УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде швециялық АИК командасының бас бапкері ретінде «Астана» командасымен кездескен еді. Қазақстан астанасында өткен кездесу тең аяқталса, Стокгольмде елордалық команда 3:0 есебімен басым түскен болатын. Бұл ойын «Астана» тарихындағы швециялық командаларға қарсы әзірге жалғыз кездесу.
«Хеккен» командасының басты жұлдызы бразилиялық Паулиньо. Ол 2011 жылы Бразилиядан «сары-қаралар» сапына ауысып, одан кейін Әзірбайжанда, Бразиялияда және БАӘ-де өз күшін сынап көрді. Алайда, артынша швециялық командаға қайта қосылып, өткен маусымда чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінен орын алды.
Одан бөлек, команда капитаны Расмус Лингренді ерекше атап өтуге болады. 33 жастағы швед барлық еңбек жолын елден тыс Голландия және Австрия чемпионаттырында «Аякс» және «Ред Булл Зальзбург» командалары сапында өткізген. Ол 2016 жылдың 1 маусымында өз отанына оралып, «Хеккен» командасымен келісімшарт жасаған.
Команданың негізгі ойыншылары тізімінде 2018 жылы Швеция құрамасы сапында Эстонияға қарсы кездесуде дебют жасаған команданың 21 жастағы жас қорғаушысы Джоэл Андерссон, Ресей чемпионатының өкілі «Терек» және швейцариялық «Янг Бойз» командалары сапында өнер көрсеткен Финляндия құрамасының қорғаушысы Юхани Ойала, және де 23 жастағы ганалық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Насир Мұхаммед пен 24 жастағы Сьерра-Леона құрамасының шабуылшысы Альхасана Камараларды ерекше атап өтуге болады.
Шведтер үшін «Астанаға» қарсы кездесу Дубайдағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесу болмақ. Олар оған дейін өз елдерінде норвегиялық «Сарспорг» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Астана» және «Хеккен» арасындағы кездесу 4 ақпан күні Астана уақытымен 18:00-ге жоспарланған.