Муаммар Каддафи «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алмақ болған

Муаммар Каддафи «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алмақ болған

Ливияның экс-басшысы Муаммар Каддафи ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алмақ болған, деп хабарлайды Рrosports.kz qazaqtimes.com сайтына сілтеме жасап. 

<span>«The Sunday Times» басылымының мәліметінше, 2004 жылы «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қаржыгері Мехмет Далман Муаммар Каддафимен келіссөздер жүргізу үшін Ливияға барған. Келіссөздер барысында Муаммар Каддафи клубтың 29,9 пайыз акциясын сатып алуға дайын екендігін айтқан. </span>

<span>«The Sunday Times» газеті жариялаған мәліметтерді Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи де растаған. Ол басылымға берген сұхбатында әкесінің клубты сатып алуға дайын болғанын және оған өзінің «Манчестер Юнайтедті» сатып алуға кеңес бергенін айтқан. Ал қаржыгер Мехмет Далманның өзі «Муаммар Каддафи екі сағаттық келіссөздерден кейін клубты толықтай сатып алуға дайын болды» деп мәлімдеген. </span>

<span>Естеріңізге салайық, Муаммар Каддафи 2011 жылы мемлекеттік төңкеріс барысында көз жұмған болатын. Оны 2011 жылы қазан айының 20-сы күні Ливия халқы Сирт қаласының көшесіне алып шығып, қорлап өлтірген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или