«Астана» ойыншылары екінші оқу-жаттығу жиынын бастады
Бүгін Біріккен Араб Әмірлігінде «Астана» командасының екінші оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Рrosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Станимир Стоилов шәкірттері жиын барысында үш кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы матч 4 ақпан күні швециялық «Хеккен» командасына қарсы болмақ. Команда жарақаттарына байланысты жаттығу жиынынан босатылған Дидар Жалмұқан мен Владислав Прокопенконы есепке алмағанда, толық құрамда жаттығу жұмыстарын бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары БАӘ-де 9 ақпанға дейін болып, одан әрі ел астанасына 15 ақпан күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Спортингке» қарсы кездесуге дайындықтарын әрмен қарай пысықтауға аттанады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или