«Астананың» Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне қатысатын ойыншылары
UEFA ресми сайты Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қатысатын командалардың өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрамдарын жариялады. Сол қатарда «Астана» футбол клубының ойыншылар тізімі де көрсетілген.
Еуропа Лигасының 1/16 финалында елордалық «Астана» командасы Португалияның «Спортинг» клубымен кездеседі. Алғашқы ойын 15 ақпан Астана қаласында өтеді.
Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алатын футболшылар тізімі:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Владислав Саенко, Абылайхан Дүйсен;
Қорғаушылар: Марин Аничич, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Әлім Ілиясов,<span> </span>Евгений Постников, Асанали Мырзабек, Әділжан Дүйсембаев, Дәурен Ысқақов;
Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Юрий Перцух, Срджан Граховац, Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Марко Станоевич, Мәди Жақыпбаев, Алишер Сағынов, Алдияр Балташ, Артем Цой;
Шабуылшылар:<span> </span>Джордже Деспотович, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев, Алексей Щеткин, Виктор Прон, Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Станислав Басманов;
Бас бапкер:<span> </span>Станимир Стойлов.
Тізімге жаңадан қосылды: Юрий Перцух, Бактиер Зайнутдинов, Марко Станоевич;
Тізімнен сызып тасалды: Асхат Тағыберген, Джуниор Кабананга;