«Спортинг» қыста сатып алған үш футболшы «Астанаға» қарсы ойнамайды
Португалиялық «Спортинг» осы қысқы трансферде сатып алған үш футболшы Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астанаға» қарсы ойнамайды.
Жартылай қорғаушы Йосип Мишич биылғы еуромаусымда хорватиялық «Риека» сапында ойнап қойды, сондықтан ол Еуропа лигасында «Спортингке» көмектесе алмайды. Ал қорғаушы Люмор мен жартылай қорғаушы Венделді команда бапкері Жорже Жезуштің өзі тізімге қоспай тастады.
Айта кетейік, бұл үш трансфер үшін «Спортинг» 11,5 миллион еуроға шығындалды.
Ал «Астана» мен «Спортинг» арасындағы алғашқы ойын 15 ақпанда «Астана Аренада» өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или