Мхитарянның Еуропа лигасында қандай номермен өнер көрсететіні анықталды
Жақында ғана «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарян Англия Премьер лигасында 7-інші номермен өнер көрсетіп жүр. Алайда, армениялық футболшы Еуропа лигасында бұл номермен алаңға шыға алмайды.
7-інші номерді алдыңғы жарты маусым Генрихтің орнына «Манчестер Юнайтедке» барған Алексис Санчес киген болатын. Еуропа лигасының ережелеріне сай кез-келген клуб бір маусымда ұқсас номермен тек бір ғана футболшыны тіркей алады.
Еуропа лигасының осы ережесіне сай, Мхитарян бұл номермен Еуропа лигасында ойнай алмайды. Сол үшін, лондонлық клуб Генрихті ЕЛ-сына қатысатын футболшылар қатарына 77-ші номермен тіркеп отыр.
Демек, Мхитарян «Арсеналда» екі түрлі номермен өнер көрсетеді. Премьер лигада 7-ші, Еуропа лигасында 77-ші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или