Біржан Оразов: Ресей құрамасымен де тек жеңіс үшін ойнаймыз

Біржан Оразов: Ресей құрамасымен де тек жеңіс үшін ойнаймыз

Словения астанасы Любляна қаласында өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында алғашқы кездесуін өткізген Қазақстан құрамасы Польша футзалшыларын 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Сөйтіп, бас командамыз турнирдің ширек финалына жолдама алып үлгерді. Кездесуден кейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Кездесу туралы айтып өтсеңіз?

- Ойын оңайға соққан жоқ. Осы кездесу үшін біз көп дайындалық. Әрі сол еңбегімізге орай жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықтық.

- Ресми ойындағы алғашқы голыңыз құтты болсын, Польша құрамасына қарсы ойында бапкер талабын орындай алдыңыздар ма?

- Рақмет! Польша құрамасын жақсылап зерттедік. Үш күн арнайы видео шолуларды қарап, қарсыласымыздың барлық мүмкіндігін талқылаған болатынбыз. Менше, бапкердің талабын орындай алдық.

- Ресеймен ойында Қазақстан құрамасына топтан бірінші орынмен шығу үшін тең нәтиже жеткілікті, тең ойын үшін ойнайсыздар ма?

- Біз қазірдің өзінде топтан шығып тұрмыз. Бірінші, не екінші орын алатынымыз ғана белгісіз. Бірақ, келесі кездесуде де тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жеңіліс немесе тең есеп жайлы мүлде ойламаймыз.

 

Фото: Никита БАСОВ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или