«Ақтөбе» командасының жолдастық кездесу өткізетін қарсыластары анықталды
«Ақтөбе» командасы екінші оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Бүгін «ақ-қызылдар» екінші оқу-жаттығу жиыны аясында маусымға дайындықтарына кірісіп кетті. Команда бұл жолы да Белек қаласында дайындалады.</span>
Команда 10 ақпан күні венгрияның «Диошдьёр» (Мишкольц) клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Түркия уақыты бойынша 17:30 да басталады (Астана уақыты 20:30).
«Ақтөбе» осы кездесудің алдында екі ойын өткізеді. 4 ақпан күні босниялық «Слободамен» ойнаса, 7 ақпанда грузиялық «Торпедомен» кездеседі.
Тағы бір ойын 13 ақпанға жоспарланып отыр. Қарсылас кейін аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или