Ваит Талгаев «Тараздың» бас бапкері болып тағайындалды

Ваит Талгаев «Тараздың»  бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстандық жаттықтырушы Ваит Талгаев «Тараз» футбол командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

<span>64 жастағы маман «Тараз» командасының тізгінін өткен жылдың қаңтар айында ұстаған. Алайда жамбылдық ұжым маусым қортындысы бойынша Премьер-Лигадан шығып қалды. Жаңа маусымға «Таразды» Ваит Талгаев дайындап, жұмысын жалғастырады.  </span>

<span>Айта кетейік, Ваит Талгаев футболшы ретінде КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнаған. Сонымен қатар, Алматының «Қайрат» клубының да намысын қорғады. Жаттықтырушы ретінде әр жылдары Қазақстандық «Ертіс», «Жетісу», «Қайсар» клубтарының бас бапкері болды. Тіпті, Грозныйдың атақты «Терек» командасын жаттықтырып, сол құраммен Ресей кубогын да жеңіп алған. Ваит Талгаев қай команданы жаттықтырса да өзінің асқан біліктілігімен есте қалды. Және ол жаттықтырған командалар жоғарғы орындардан көрінді. Ваит Талгаевтың есімі «Тараз» футбол жанкүйерлеріне де жақсы таныс. Ол 1990-1992- жылдары Жамбылдық «Химик» командасын жаттықтырса, 1996- жылы Талгаевтың бапкерлігімен «Тараз» командасы алғаш рет Қазақстан чемпионы болды. 2010-2011 жылдардағы футбол маусымында тағы да «Тараз» командасын жаттықтырды. Одан кейінгі кезеңде Шешенстан елінде еңбек еткен.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или