«Ақтөбе» екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды

«Ақтөбе» екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды

«Ақ-қызылдар» 31 қаңтар мен 14 ақпан аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

ОЖЖ-на мынадай ойыншылар аттанды: Игорь Трофимец, Мұхамбет Тамабай, Асланбек Кәкімов, Бағдат Қайыров, Саят Жұмағали, Абат Айымбетов, Руслан Валиуллин, Ардақ Сәулет, Антон Шурыгин, Әділхан Таңжарықов, Рустам Уксумбаев, Слободан Симович және Марко Обрадович. Жиын барысында командаға бірнеше легионерлер мен қазақстандықтар қосылады деп күтілуде.

Жоспарланған жиын аясында төрт бақылау матчы өтеді.

4 ақпан күні ақтөбеліктер босниялық клуб «Слободамен» (Тузла) кездеседі.

7 ақпанда «ақ-қызылдар» Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнайды.

Тағы екі ойын 10 және 13 ақпанға жоспарланған. Бұл ойындардағы қарсыластар кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или