Саян Хамитжанов: Оқу-жаттығу жиынындағы жеңіліс, команданың осал тұсын көретін мүмкіндік

Саян Хамитжанов: Оқу-жаттығу жиынындағы жеңіліс, команданың осал тұсын көретін мүмкіндік

«Астана» бірінші оқу-жаттығу жиынының соңғы жолдастық кездесуінде Словакия чемпионы «Жилинаға» қарсы ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Ойын соңында клуб Президенті Саян Хамитжанов кездесу туралы өз пікірімен бөлісті: 

<span>- Бүгін команда ойынды барынша бақылауда ұстағанымен, гол соғатын мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмады. Біз жеңіске деген құлшынысы жоғары лайықты қарсыласқа қарсы кездесуде есе жібердік. «Жилина»- Словакия чемпиондары екендігін ұмытпауымыз керек. Команданың дайындығы жоғары, жыл сайынғы еурокубоктердің қатысушысы. Сонымен қатар, «Астана» ойыншыларының аздап шаршағандығы байқалды. Оларға аздаған демалыстың керек екендігі көрінді. Дәл қазір бірінші және екінші оқу-жаттығу жиыны арасындағы үзіліс, жігіттердің өз қалыптарына келуіне көмектеседі деген ойдамын. </span>

- Ресейлік мықты клубтарға қарсы кездесуден кейін, астаналықтар «Жилина» командасына қарсы ойында босаңсып кеткен жоқ па? 

<span>- «Спартак» және «Краснодарға» қарсы ойыннан кейін айтқанымдай, оқу-жаттығу жиынындағы кездесулердің нәтижесі аса маңызды емес. «Жилинаға» қарсы ойын бапкерлер құрамы тарапынан команданың тактикалық және физикалық мүмкіндіктерін бағалайтын жәй ғана кездесу. Жеңіске жеткен кездесулердің нәтижесін асыра бағалауға болмайды. Менің ойымша, оқу-жаттығу жиынындағы жеңіліс, команданың осал тұсын көретін керемет мүмкіндік. </span>

<span>- «Астана» футбол клубының БАӘ-де өткен оқу-жаттығу жиыны көңіліңізден шықты ма? </span>

<span>- Иә, біздің көңілімізден шықты. Команда өз бабын тауып келе жатыр. Біз алғаш рет маусымға дайындықты дәл осылай ерте бастап жатырмыз. Әрине, мәсеселер де жоқ емес. Команданың үш ойыншысы өздерінің жарақаттарына байланысты оқу-жаттығу жиынынан ерте босатылды. Бірақ, команда «Спортингке» қарсы кездесуге толық құрамда дайын болады деген сенімдемін. Біз екінші оқу-жаттығу жиынын да Біріккен Араб Әмірлігінде 3 және 9 ақпан аралығында өткіземіз. Жиын барысында 3 жолдастық кездесу жоспарланған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или