Дубень төбешігіндегі сары-жасыл клуб. «Жилина» жайлы ақпарат
Бүгін «Астана» футбол клубы бірінші оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесін өткізеді.
Станимир Стоилов шәкірттері Словакияның ең мықты командаларының бірі «Жилина» командасына қарсы ойнайды. Жанкүйерлер бұл команданы ойын формасының түсіне сәйкес «сары-жасыл» деп атайды. Словакиялық команданың үйдегі «Под Дубнём» стадионы 11 мың адамға шақталған. Айта кетейік, бұл стадионда Словакия ұлттық құрамасы өз ойындарын өткізеді.
Команданы 2013 жылдан бастап 42 жастағы словакиялық маман Адриан Гуля баптайды. «Жилина» қысқы үзіліске екінші орынмен шықты. Ол бірінші орындағы «Спартак» (Трнава) командасынан 7 ұпайға қалып келеді.
Команданың үздік сұрмергені 20 жастағы Самуэль Мраз. Жас ойыншы команданың негізгі құрамынан орын алған. Ол чемпионат аясында өткізген 19 ойында 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Тағы бір айта кететін жайт, команда капитаны 25 жастағы Михал Скварка жақында Словакия ұлттық құрамасы сапында дебютті кездесуін өткізіп, Уганда және Швеция құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесуде алаңға шықты. Михалдан бөлек ұлттық құрама жейдесін 27 жастағы қорғаушы Якуб Холубек пен 21 жастағы жартылай қорғаушы Мирослав Кацер де киген.
«Жилина» Словакияның қазіргі чемпиондары. Бұл титул команда тарихындағы жетінші чемпиондық. «Жилина» өз елінің чемпионы ретінде еурокубоктердегі жолын УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Оларға даниялық «Копенгаген» командасы қарсылас атанып, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетсе, сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Дания чемпиондары іріктеу кезеңінен әрі қарайғы жолдаманы иеленген болатын. Осы кездесулерде «Копенгаген» қақпасына соғылған голдардың бірін Нигерия жасөспірімдер құрамасының экс-шабуылшысы Юсуф Отубанжо соқты. Нигериялық ойыншы өзінің 25 жасына дейін көптеген клубтарда өнер көрсеткен. Оның ішінде мадридтік «Атлетико» клубы да бар.
Словакиялық команда БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында бір кездесу өткізіп үлгерді. Андриан Гуля шәкірттері қытайлық «Ляолинг» командасын 4:0 есебімен жеңді. Осы кездесуде 18 жастағы Армения жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Вахан Бичахчян дубль авторы атанды.
«Астана» - «Жилина» арасындағы ойын БАӘ-дегі қазақстандық команда алаңында 29 қаңтар күні Астана уақытымен 18:00-ге жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары үшін бұл кездесу ОЖЖ-дағы үшінші матч. Станимир Стоилов шәкірттері осыған дейін «Спартак» (3:2) және «Краснодар» (3:1) командаларына қарсы екі кездесуде жеңіске жеткен болатын.