Самат Смақов: Бұндай ірі жарыс Қазақстанда тұңғыш рет өтуде

Самат Смақов: Бұндай ірі жарыс Қазақстанда тұңғыш рет өтуде

«Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов «Мектеп лигасы-2018» жобасының ресми ашылуына қатысып, турнир жайлы өз пікірін білдірді.

-Біріншіден, «Мектеп лигасы» басталып кеткеніне қуаныштымын. Балалар үшін бұл мереке. Менің білуімше, бұл Қазақстанда мектеп арасында өтіп жатқан алғашқы чемпионат, бұндай жарыс еш жерде жоқ. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Олар өздері демеуші тауып, осынау үлкен жарысты бастап жатыр, өздері зал тауып, іске кірісіп жатыр. Мынадай ауа-райында балалардың футбол ойнайтын жерлері өте тапшы. Бұл керемет нәрсе. Жаңа балалармен әңгімелестім, оларға сәттілік тіледім. Осы балалардың ішінен Қазақстан футболының, әлем футболының жұлдыздары шығатындығына сенімдімін. Турнир әр жексенбі сайын өтіп тұрады. Қолым босап жатса, әр ойынға келіп тұруға тырысамын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или