«Қайрат» камбэк жасап, жеңісті жұлып әкетті
Алматылық «Қайрат» Анталиядағы (Түркия) оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб Болгария чемпионы «Лудогорецпен» кездескен болатын.
Болгариялық команда бірден басымдықты өз қолдарына алып, екі гол соғып тастады – Виргилл Мисиджан дубль жасаған. Бірақ алматылық ұжым есепті теңестіріп қана қоймай, 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Халық командасы» сапынан Исаэль, Бауыржан Исламхан мен Самат Сәрсенов қанжығаларын майлады. Сәрсенов матчтағы жеңіс голын 88-ші минутта соқты.
Айта кетейік, «Лудогорецті» қазақстандықтарға жақсы таныс Димитар Димитров жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или