«Қайрат» футзал командасы Тәжікстан құрамасын жеңді

«Қайрат» футзал командасы Тәжікстан құрамасын жеңді

Алматылық «Қайрат» футзал командасы жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасын жеңді, деп хабарлайды клубтің ресми сайты.

«Қайрат» футзалшыларының көбі ЕУРО-2018-ге дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының сапында жүр. Осыған байланысты алматылықтар аралас құрамда өнер көрсетті. Дуду, Умешев, Алешандре, Дрот, Эдуардо және Даниэль қатарлы негізгі құрамның ойыншылары U-17 жасқа дейінгі жеткіншек футзалшыларымен бірге доп тепті.

Команданың бас бапкері Какау да ұлттық құрамада жүргендіктен, бұл кездесуге ойыншыларды клубтің кеңесшісі Мигель Ангуло мен клуб академиясының бапкері Семен Палагутин бастап шықты. 

«Қайрат» 4:2 Тәжікстан

Голдар: Алешандре 15 (1:0), Алешанде 16 (2:0), Золтан Дрот 24 (3:0), Шарипов (3:1), Золтан Дрот 33 (4:1) 32, М. Шарипов 39 (4:2)

27 қаңтар, Алматы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или