Винокуровтың велосипедін халықаралық ұйым мойындады

Винокуровтың велосипедін халықаралық ұйым мойындады

Лондон олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров негізін қалаған қазақстандық VINO брендімен шыққан кәсіпқой шосселік велосипедтер Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) аккредитациясын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы комиссия велосипедті бір ай бойы тексеріп, барлық талаптарға сай келетінін анқтаған. Берілген аккредитация спортшыларға UCI аясында өтетін ең беделді веложарыстарға отандық марка велосипедтерімен қатысуға мүмкіндік береді. 2018 жылдан бастап Vino - Astana Motors құрлықтық командасының велошабандоздары VINO ATM велосипедтерімен жарысқа шығуларына болады.

VINO маркалы қазақстандық велосипед алғаш рет Алматыда 2014 жылы таныстырылған еді. Енді міне UCI-дің барлық талаптарынан шығып, халықаралық жарыстарда бой көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или