Самат Смақов футболшы мансабын аяқтады

Самат Смақов футболшы мансабын аяқтады

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай Самат Смақов жуық арада футболшы мансабын аяқтайды.

Жаңа жылдан кейін Самат Смақов футболшы мансабын аяқтағаны жөнінде ресми хабарлайды. Ал одан кейін «Ақтөбе» клубының бас директоры қызметіне тағайындалмақ.

Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды. Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или