Танымал шабандозды көлік қағып, көз жұмды
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">Австралиялық велошабандоз Джейсон Лоундесті жаттығу кезінде машина қағып кетіп, спортшы оқиға орнында көз жұмды.</span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;"> Бұл туралы Israel Cycling Academy командасының Facebook парақшасында хабарланды. Джейсон Лоундес сегіз күн бұрын ғана өзінің 23 жасқа толғанын атап өтіп еді. Оқиға өзінің туған қаласы Бендигоның (Австралия)маңында болған. </span>
<span style="font-family: Scada, sans-serif; line-height: 21px;">«Джейсон 2017 жылдың жарыс маусымы бойы Israel Cycling Academy командасының атынан сынға түсіп келді. Біз енді оның жайлы мінезін, бауырмал жүрегі мен риясыз күлкісін қатты сағынатын боламыз»,-деп жазылған хабарламада.</span>