Criminals
Велоспорт

Винокуров үш жылға сотталуы мүмкін

Винокуров үш жылға сотталуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бұрынғы қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобнев 13 наурызда Льеж қаласы сотының алдында қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды белгиялық Sudinfo.be.

Спортшылардың кінәсі дәлелденсе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, 2010 жылы «Льеж — Бастонь — Льеж» классиакалық жарысының финишінде Колобнев Винкорувқа жеңісті әдейі бере салды, ал Винокуров ол үшін 150 мың еуро берді деген ақпарат тараған болатын. Қос спортшы да бұған дейін бірнеше рет «сатылған жарыс» деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Айта кетейік, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Колобнев 2017 жылдың қаңтар айында үлкен спортпен қош айтысса, Лондон Олимпиадасының чемпионы Винокуров қазіргі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері болып табыады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер