Футзал

«Қайрат» Төрттік финалдан шет қалды

«Қайрат» Төрттік финалдан шет қалды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Кубогы Элиталы кезеңінің D тобындағы соңғы матчта қос фаворит кездесті.

Алғашқы екі турда қарсыласынан айласын асырған «Қайрат» пен испаниялық «Интер» футзалшылары соңғы матчта кім мықтыны анықтады. Жеңгені Төрттік финалға жолдама алады. Ал испаниялық клубқа тең есеп те жеткілікті еді.

Матч есебі жылдам ашылды. 2-минутта «Интердің» капитаны Ортис өз командасын алға шығарды. «Қайраттың» жауабы да көп күттірмеді. Екі минуттан соң Алешандре таразы басын теңестіре алды.

Бұл есеп те таблода ұзақ сақталған жоқ. 6-шы минутта испаниялықтар стандартты әдемі комбинацияға айналдырып, тағы да алға шықты. Көзге түскен – Элисандро. «Интерге» алматылық футзалшылар Леоның голымен жауап қатты. Бұл нәтиже 16-шы минутқа дейін сақталды. Рикардиньоның жойқын соққысынан соң алаң иелері үшінші рет алға шықты. Командалар үзіліске осы есеппен кетті.

Абырой болғанда, екінші таймның басында алматылықтар үшінші голын соқты. Лео тепкен допты Тайнан қақпаға туралаған – 3:3.

Матчтың аяқталуына тоғыз минут қалғанда төреші «Қайраттың» бас бапкері Какауды алаңнан қуып, алматылықтардың жағдайы қиындап қалды. Нәтижесінде матчтың қалған уақытында бас бапкер қызметін физикалық дайындық жаттықтырушысы алды. Бірнеше минут бұрын клуб президенті Қайрат Оразбеков те қуылған болатын.

Бұл аз болғандай, 35-минутта Игита шабуылда сәтсіз ойнап, қарсыластың қақпашысына қарсы ойын тәртібін бұзды. Осылайша, «Қайраттың» голкипері де алаңнан қуылды. Ал алматылықтарға екі минутты төрт ойыншымен өткізуге тура келді. Бұл өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Келесі шабуылда-ақ, «Интер» футзалшылары есепте төртінші рет алға шықты – 4:3.

Матч соңына дейін «Интер» екі рет пенальти тепті. Алғашқысында Рикардиньо мүлт кеткен, алайда екіншісін Гадейа сәтті пайдаланды – 5:3.

Өкінішке қарай, «Қайрат» УЕФА Кубогының қазіргі жеңімпазы «Интерден» айласын асыра алмай, топта екінші орын алып, Төрттік финалдан шет қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер