«Қайрат» «Браганы» аямады
«Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының Элиталы кезеңнің екінші матчында португалиялық «Брагамен» кездесті.
Испанияның Торрехон-де-Ардос қаласында өткен тартысты ойын 4:1 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Какау жаттықтыратын команда сапында Тайнан дубль жасаса, Игита қайта көзге түсті. Тағы бір допты «Браганың» ойыншысы Мариньо өз қақпасына енгізді. Португалиялықтар сапында Руан мергендік танытты.
Осылайша, алматылық команда екі турдың қорытындысы бойынша алты ұпай жинады. Енді «Қайрат» шешуші ойында жарыс қожайындары испаниялық «Интермен» күш сынасады.
Футзалдан УЕФА кубогы. Элиталы кезең. D тобы. Екінші матч
«Брага» (Португалия) 1:4 «Қайрат» (Қазақстан)
Голдар: Руан 28 - Тайнан 11, 20, Мариньо 13 (автогол), Игита 37
«Брага»: Рибейро, Шэфер, Руан, Тиаго Фернандес, Кассио, Роча Кардосо, Витор Уго, Абреу, Машаду, Нилсон Мигел, Синтра, Лопес, Роса, Мариньо
«Қайрат»: Игита, Дуду, Даниэль, Дуглас, Тайнан, Сүлейменов, Жаманқұлов, Есенаманов, Першин, Лео, Дрот, Тайеби, Эдуардо, Алешандре
Төрешілер: Черны (Чехия), Томич (Хорватия)
24 қараша, Торрехон-де-Ардос, «Пабельон Хорхе Гарбахоса» СК