Каспий Университеті студенттер лигасын ұтты
Almaty Arena спорт кешенінде футзалдан студенттер лигасының финалы өтті.

Қарашаның 11-і мен 19-ы аралығында өткен футзал жарысында Каспий университетінің студеннттері чемпион атанды. Финалдық матчта олар Қарағанды экономика универсиетінің ойыншыларын 6:4 есебімен жеңіп, 3 млн. теңге сыйақы алды. Солтүстіктен келген қонақтарға 500 мың теңге берілсе, үшінші орындағы IT халықаралық университетіне 300 мың. теңге табысталды.

- Біз осы жеңісті ұзақ күттік, - дейді Каспий университетінің ойыншысы Алмаз Ділдәбеков. - Барлық қарсыластарымыз қиын болды, бірақ бағымызға орай жеңіс бізге бұйырды. Өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Алдағы уақытта әлем чемпионатының финалына шығамыз деп үміттенемін, - деп қорытындылады сөзін.

Айта кетер жайт, тұңғыш рет Almaty Arena-да өтіп жатқан турнирге Қазақстанның әр аймағынан келген 24 мықты командалары қатысты.