Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасының финалы өтеді

Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасының финалы өтеді

Қарашаның 10-ы және 19-ы аралығында Almaty Arena спорт сарайында футзалдан Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңі өтуде.

Қазіргі таңда Қазақстанда футзал ең танымал спорт түрлерінің бірі, оған еліміздің 16 облысынан 72 жоғарғы оқу орындары командаларының, сондай-ақ, 35 мыңнан астам ойыншылар мен жанкүйерлердің аталмыш бәсекеге қатысуы дәлел бола алады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген, әр аймақтың чемпиондары Almaty Arena алаңында бас қосып, футзалдан студенттер арасында үздік команданы анықтауда.

Жарыс ұйымдастырушылары мен демеушілерін атап өтсек, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры, Халық қоры, Huawei, Қазақстанның футзал қауымдастығы, АФК Қайрат.

Айта кетер жайт, қарашаның 19-ы күні, сағат 15.30, AlmatyArena спорт сарайында Ұлттық студенттер лигасы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Халық қоры өкілдерінің қатысуымен футзалдан Ұлттық студенттер лигасының шешуші кезеңіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или