Алматыда Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр

Алматыда Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр

Almaty Arena спорт сарайында футзалдан Ұлттық студенттер лигасының ақтық бәсекесі жалғасын тапты.  

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген, әр аймақтың чемпиондары Almaty Arena алаңында бас қосып, футзалдан студенттер арасында үздік команданы анықтауда. 

- Алдыңғы кездесуде сәттілік жетпей қалды деп ойлаймын. Біз матчтың соңында үш ұпай жіберіп алып, жеңіліп қалдық. Жалпы, финал болған соң, барлық командалардың жеңіске деген ынталары зор. 1/4 финалға жолдама аламыз деген ойдамын. Бұл ТарГу студентенттерімен өтетін шешуші матчтан соң белгілі болады, жеңіске жетеміз деген ойдамын, - деп бөлісті ҚазҰМУ студенті Әділет Болатбек. 

Айта кетейік, жарыс ұйымдастырушылары мен демеушілері - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры, Халық қоры, Huawei, Қазақстанның футзал қауымдастығы, АФК «Қайрат».

Айтулы дода 19 қараша күні өз мәресіне жетеді. Ақтық бәсекенің нәтижелерін NSL.kz. ресми сайтынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или