«Қайрат» «Жетісу» футзал клубын жеңді

«Қайрат» «Жетісу» футзал клубын жеңді

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 10-шы турында алматылық «Қайрат» талдықорғандық «Жетісумен» күш сынасты. <br />

Алматыда өрбіген кездесу алаң қожайындарының басым жеңісімен аяқталды - 10:5. Какау жаттықтыратын команда сапында Тайнан хет-трик жасаса, Дрот дубльдің авторы атанды. Лео, Дуглас, Игита, Жаманқұлов пен Сүлейменов бір-бір голдан соқты. Талдықорғандық ұжымда Дентиньо дубль жасаса, Бетиньо, Довгань мен Тұрсағұлов бір-бір доптан енгізді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше қос команда 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2017/18

«Қайрат» 10:5 «Жетісу»

Голдар: Тайнан 2, 5, 40, Дрот 7, 18, Лео 11, Дуглас 23, Игита 25, Жаманқұлов 31, Сүлейменов 39 – Бетиньо 24, Дентиньо 32, 33, Довгань 35, Тұрсағұлов 40

10 қараша, Алматы, «Қайрат» СК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или