Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасы үшін таласпақ
Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін сайысқа түседі.
ҚР Футбол федерациясының хабарлауынша, іріктеу матчтары 1-4 қараша күндері Испанияда өтеді. 2018 жылдың 6-18 қазан күндері Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Ойын бағдарламасына алғаш рет ер балалар мен қыздар (U-18) футзалы да енгізілді. <br />Айта кететін жайт, финалдық турнирде 10 команда ойнайды. Іріктеу турниріне УЕФА атынан ер балалардан 16, ал қыздардан 8 құрама қатысады. Еуропа екі командаға Олимпиада (екі ер бала, екі қыздар командасы) жолдамасын бере алады.
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсіп, Испания, Ресей және Румынияға құрамаларына қарсы бағын сынамақ . Ойындар күнтізбесі: 1 қараша Ресей - Румыния Испания - Қазақстан 2 қараша Қазақстан - Ресей Испания - Румыния 3 қараша Демалыс күні 4 қараша Румыния - Қазақстан Ресей- Испания Қазақстан ұлттық құрамасы: Қақпашылар: Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаң ойыншылары: Әсемгүл Аруова, Анастасия Низамтудинова, Арайлым Орынбасарова, Александра Бурова, Алина Шалмухамбетова, Гүлмира Ташмет, Гүлім Қайырнас, Айдана Серікбай. Бас бапкер - Еділхан Рабаев.