Футзалдан Қазақстан құрамасы олимпиада жолдамасына таласады

Футзалдан Қазақстан құрамасы олимпиада жолдамасына таласады

Іріктеу матчтары 1-4 қараша күндері Испанияда өтеді.

2018 жылдың 6-18 қазан күндері Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ІІІ жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтеді. Ойын бағдарламасына алғаш рет ер балалар мен қыздар (U-18) футзалы да кіріп отыр. Финалдық турнирде 10 команда ойнайды.

Іріктеу турниріне УЕФА атынан ер балалардан 16, ал қыздардан 8 құрама қатысады. Еуропа Олимпиадаға екі команда (екі ер бала, екі қыздар командасы) жібере алады.

Футзалдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсті. біздің команда Испания, Ресей және Румынияға қарсы ойнайды.

 

Ойындар күнтізбесі:

1 қараша

Ресей - Румыния

Испания - Қазақстан

2 қараша

Қазақстан - Ресей

Испания - Румыния

3 қараша

Демалыс күні

4 қараша

Румыния - Қазақстан

Ресей- Испания

Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаң ойыншылары: Әсемгүл Аруова, Анастасия Низамтудинова, Арайлым Орынбасарова, Александра Бурова, Алина Шалмухамбетова, Гүлмира Ташмет, Гүлім Қайырнас, Айдана Серікбай.

Бас бапкер - Еділхан Рабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или