«Қайраттың» Элиталық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды
Футзалдан УЕФА Кубогы Элиталық кезеңінің жеребесі тартылды.
Алматылық «Қайрат» жеребе қорытындысы бойынша D тобына түсті. Какау шәкірттері УЕФА Кубогының қазіргі жеңімпазы испаниялық «Интер», португалиялық «Брага» және румыниялық «Дева» клубымен бақ сынасады. Бұл квартеттің матчтары 21-26 қараша арасында Испанияда өтеді.
Айта кетейік, Элиталық кезеңде әр топтың жеңімпазы Төрттік финалына жолдама алады.
Естеріңізде болса, УЕФА Кубогының былтырғы маусымында «Қайрат» жартылай финалда осы «Интерден» ұтылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или