«Түркия турының» алғашқы кезеңі аяқталды

«Түркия турының» алғашқы кезеңі аяқталды

Бүгін басталған Алания мен Кемер қалаларын жалғаған «Түркия турының» алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.  

Алания қаласынан бастау алатын турдың алғашқы кезеңі 177 шақырымға жалғасып, Кемер қаласына келіп тоқтады. Таулы кезеңді шабандоздар төрт сағатта жүріп өтті. Astana Pro Team командасының шабандоздары бірнеше мәрте шабуылға шығып, пелотонның көшін бастаған. Мәреге бір жарым шақырым қалғанда Astana Pro Team командасының төрт бірдей шабандозы шабуылға шықты. Алайда бірер минуттан соң Яспер Хансен соқтығысып қалып, көштің тізгінін беріп қойды. Елордалық ұжымның сапынан ең үздік нәтижені Риккардо Минали көрсетті. Ол алғашқы кезеңді алтыншы орында аяқтады. Мәре сызығын алғаш болып BORA - HANSGROHE командасының шабандозы Сэм Беннет кесті. Ол 177 шақырымды 3 сағат 57 минутта басып өтті. Ал оның артынан Аndroni - Sidermec - Bottecchia командасының өілі Марко Бенфатто келді. Ал үздік үштікті Эдвард Тёнс (Trek-Segafredo) түйіндеді.

Жарысты жақсы бастадық. Алтаумыз бірге жұмыс істеп, бір топта келдік. Аса бір қатты жел соққан жоқ. Мәреге жақындаған сайын, желдің бағытына бейімделіп, бірнеше шабуылға шықтық. Алайда бәрі сәтсіз болды. Қарсыластарымыз дереу арада шабуылдың алдын алып отырды. Мәреде көшбасшы топтың сапында жүруге тырыстық. Тізгінді өз қолымызға алуға тырысқанмен, шабандоздар қақтығысып қалды. Кем дегенде 10 шақты спортшы құлады. Спортшымыз мәреге бесінші немесе алтыншы болып келді. Енді ертең бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Жарыстың екінші кезеңі таудан басталады. Әдетте мұндай кезең спринтпен аяқталады. Сол себепті ертең спринтшілер көп жұмыс атқарады, - деді жарыс соңында Astana Pro Team командасының шабандозы Дмитрий Груздев.

«Түркия туры». Бірінші кезең

1. Сэм Беннет - BORA - HANSGROHE 3 сағат 57' 26''

2. Марко Бенфатто - Androni - Sidermec - Bottecchia +0''

3. Эдвард Тёнс - Trek-Segafredo +0''

4. Федерико Дзурло - UAE Team Emirates +0''

5. Маттео Пелукки - BORA - HANSGROHE +0''

6. Риккардо Минали - ASTANA PRO +0''

7. Симоне Консонни - UAE Team Emirates +0''

8. Йонас Кох - CCC - Sprandi - Polkowice +0''

9. Мануэль Беллетти - Wilier Triestina - Selle Italia +0''

10. Хорди Симон - Soul Brasil Pro Cycling Team +0''

Ертең, жарыстың ең ұзақ кезеңі – Кумлуджа мен Фетхие арасындағы екінші кезең болмақ. Ал үшінші кезең, керісінше, ең қысқасы. Шабандоздар 129 шақырымға созылатынын Фетхие - Мармарис бағытын басып өтеді. Төртінші кезең Мармарис пен Сельчук қалаларын жалғап, 205 шақырымға созылады. Жарыстың бесінші күні шабандоздар Сельчуктен Измирге дейін 166 шақырымды жүріп өтеді. Ал веложарыс Ыстамбұл қаласында аяқталады. Соңғы кезең 144 шақырымға созылады. 

Айта кетейік, 53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или