Қауіпті «дельфиндер»

Қауіпті «дельфиндер»

Сейсенбі, 10 қазанда УЕФА Кубогының Негізгі кезеңі басталады. «Қайрат» футзал  клубы өзінің алғашқы матчын италиялық «Пескараға» қарсы өткізеді. Prosports.kz клубымыздың еурокубоктағы алғашқы қарсыласын таныстырмақ.

«Пескара», Италия  

Матчтар

11 қазан 2017

Қайрат – Пескара

12 қазан 2017

Столица - Пескара

14 қазан

Пескара – Динамо

Пескара қаласының клубы 1999 жылы құрылған. Италиялық ұжым 2014/15 жылғы маусымда ел чемпионы атанып, екі мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын ұтып алған.

«Пескара» басында D Сериясында ойнап, сәт сайын жоғарыға көтеріле берді. Жоғары дивизионда екі команда біріккен соң, «Пескара» үшін бір орын босаған. Сөйтіп, 2006/07 жылы бұл клуб плэй-оффқа дейін жетіп, вице-чемпион атанды.

Бірақ пескаралықтар үшін жеңістер сериясы басталмады. Команда кейін төменгі орындарда жүріп, нәтижесінде клубтың құрылымы өзгере бастады. Бұл өзгеріс команданы жоғары дивизионда сақтап қана қоймай, тамаша нәтижеге алып келді. 2014/15 жылғы маусымда италиялық төңкерістен соң, билік алмасып, «Пескара» көш басында жүретін командалардың біріне айналды.

Сөйтіп, 2015 жылы 11 маусымда «Пескара» өз тарихында тұңғыш рет скудеттоны ұтып, УЕФА Кубогына жолдама алды.

«Дельфиндер» еурокубокты Негізгі раундтан бастады. Өз тобында олар румыниялық «Тыргу Муреш» (8:3), германиялық «Гамбург» (11:0) және украиналық «Локомотивті» (5:1) сенімді жеңіп, Элиталық кезеңге өтті. Ол жақта да үш жеңіс: бельгиялық «Халле-Гоойк» (2:4), қазақстандық «Тұлпар» (0:4) мен македониялық «Зелезарек Скопье» италиялық клубқа жол берді. Осылайша, дебютант УЕФА Кубогының Төрттік финалына жолдама алды.

Жартылай финалда «Пескара» испаниялық «Интермен» кездескен. 2:4 есебімен жеңіліп қалған соң, оларға үшінші орынға таласуға тура келді. Бірақ португалиялық «Бенфикаға» әлі жетпей, төртінші орынға тұрақтады.

2017 жылы 26 наурызда «Пескара» тағы да жүлде жеңіп алды. Осылайша, олар биыл да УЕФА Кубогының Негізгі кезеңіне қатыспақ. Италиялық ұжым осы жолы да Төрттік финалға өте ала ма?

«Дельфиндер» сапында 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары ойнайды: аргентиналық футзалшылар Леандро Куццолино, Кристиан Борруто мен Максимилиано Решья.

Бас бапкер

Фульвио Колини (60 жаста)

Бұл бапкер 2011 жылы италиялық «Монтесильваноны» УЕФА Кубогының алтыншы жеңімпазы атағына алып келді. Сол жеңістің арқасында Италия футзалдан Кәрі құрлықтың ең басты додасын жеңіп алған елдердің қатарына орналасты.

Колини 2016 жылы «Қайраттың» бапкері Какаумен бірге клубтар арасындағы әлемнің үздік бапкері атағына үміткер болған еді. Бірақ титулды Хесус Веласко («Интер Мовистар», Испания) жеңіп алды. Какау рейтингіде екінші орын алса, «Пескараның» бапкері үштікті түйіндеді.

Негізгі кезеңдегі өзгеріс

Осы маусымнан бастап ешқандай команда тікелей Элиталық кезеңге өте алмайды. Барлық топ-командалар енді Негізгі кезеңнен бастап, олар екі жолға бөлінеді.

«А» жолында 16 команда ойнайды. Оған қазіргі чемпион және футзалдан УЕФА клубтық рейтингісінің 1-11 және 16-19 орындарына орналасқан командалар қатысады. Командалар төрт топқа бөлінеді. Әр топтың үздік үш командасы Элиталық кезеңге өтеді. «Қайрат» «А» жолында болғандықтан, командаға келесі кезеңге өту үшін үшінші орын алу да жеткілікті.

Ал «В» жолында қалған 16 команда бақ сынасады. Мұнда рейтингінің 12-15 сатыларына орналасқан командалар және клубтық рейтингінің 20-шы орнынан кейін тұрған клубтар қатысады. Оларға алдын ала кезеңнен өткендер қосылады. Осылайша, 16 клуб төрт топқа бөлінеді. Ал Элиталық кезеңге тек жеңімпаздар ғана өтеді.

Негізгі кезеңнің 1-ші тобында алматылық «Қайратпен» ойнайтындар: италиялық «Пескара», ресейлік «Динамо» мен белорусьтік «Столица». Матчтар Белорусь жерінде өтеді. Матчтарды «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или