«Түркия турына» қатысатын командалар таныстырылды

«Түркия турына» қатысатын командалар таныстырылды

Бүгін бастауын алатын «Түркия турына» қатысатын командалардың таныстырылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.  

Таныстыру рәсімін қазақстандық команда бастады. Артынша барлық споршылар жанүйерлерге таныстырылды. Велокөпкүндікте ел намысын елордалық Astana Pro Team командасы қорғайды. Елордалық ұжымның сапынан Жандос Бижігітов, Сергей Черненцкий, Риккардо Минали, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев және Андрей Зейц бақ сынайды.

- Біздің ұйымдастыру компаниясы бұл жарысты өткізуге 22 рет көмектесуде. Спортшылар, қонақтар және журналистерге қолайлы жағдай жасап, бәрін құшақ жая қарсы алдық. Осында жоғары дәрежедегі халықаралық веложарыстың дәл біздің елімізде өткізіліп жатқанына қуаныштымын. Бұдан да жоғары дәрежеде өткізуге тырысамыз, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Рейхан Тезжан.

Алания қаласынан бастау алатын турдың алғашқы кезеңі 177 шақырымға жалғасып, Кемер қаласына келіп тоқтайды. Жарыстың ең ұзақ кезеңі – Кумлуджа мен Фетхие арасындағы екінші кезең болмақ. Ал үшінші кезең, керісінше, ең қысқасы. Шабандоздар 129 шақырымға созылатынын Фетхие - Мармарис бағытын басып өтеді. Төртінші кезең Мармарис пен Сельчук қалаларын жалғап, 205 шақырымға созылады. Жарыстың бесінші күні шабандоздар Сельчуктен Измирге дейін 166 шақырымды жүріп өтеді. Ал веложарыс Ыстамбұл қаласында аяқталады. Соңғы кезең 144 шақырымға созылады. 

Дүбірлі додаға елордалық Astana Pro Team командасы да бақ сынайды. Атап айтқанда олар: Жандос Бижігітов, Сергей Черненцкий, Риккардо Минали, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев және Андрей Зейц.

Astana Pro Team велокомандасың өзге белді шабандоздары «Ломбардия турында» өнер көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн.

Айта кетейік, 53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или